Мүмкіндіктер

Сіздер былай қатысуларыңызға болады:

 

Археологиялық қазбалар тобына шақырамыз

Біз университеттердің археология бөлімдерін осы алғашқы жана саласында серіктес болуға шақырамыз, жаңалық ашуды қайта бастап жатырмыз. Несториантану кафедрасы Археологиялық бөлімдерден басқа, оқу орындарын және басқа да қызығушылық танытқан топтарды Қазақстанда археологиялық жобаларға қатысуға шақырады. Олар кәсіби археологтардың жетекшілігімен волонтерлер (еріктілер) ретінде қазба жұмыстарына көмек көрсете алады.

Біз өз тарапымыздан бұл жобаны барынша қызықты етуге күш саламыз, қазба жұмыстарына қоса туристік экскурсиялар және мәдени бағдарламаларды ұйымдастырамыз. Біз мектеп және университет топтарын осы салада болуы ықтимал табыстар үшін өздерінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесуге шақырамыз. Зерттеушілерге осы жұмыс толық мөлшерде пайдалы болу үшін, біз кез-келген оқу орындарына ұсынылған оқу тізімін және басқа оқу құралдарыр түсінуге көмектесуге дайынбыз.

Ғылыми серіктестік

Біз ғылыми-зерттеу жұмыстарға біріккісі келетін университеттер мен мектептердің бөлімдерін қаылдаймыз. Сирия мәсіхшілігінің сарапшыларын, орта ғасырлық жібек жолы тарихшылары мен басқа да осы тақырыпқа қатысты факультет мамандарын, осындай қазбалармен қатар, сол жерде талдап түсіндіруге шақырамыз.

Тағы қосымша мүмкіндіктер - студенттер мен профессорлармен алмасу бағдарламасын жасау, қонақ лекторларды және шеттен келетін ғалымдарды шақыруды ұйымдастыру. Тағы басқа академиялық ынтымақтастық жолдары - Сирия мәсіхшілік форумдарын, симпозиумдар мен конференцияларын ұйымдастыру. Несториантану кафедрасы Орталық Азия университеттерінде сириялық мәсіхшілік кафедраларын құрылу қажеттілігін ұсынады. Шындығында, мүмкіндіктер мол.

Қаржылай сыйлық, құрал-жабдықтаржәнебасқа ресурстар

Несториантану кафкдрасының негізгі мақсаты - осы жүмысқа қатысуға қызығатын адамдарға ынтымақтастық аммосферасын туғызу. Қазба жүмыстар топтарына қоса, біздің стратенияларымыздың біреуінде серіктес болғысы келетін инвесторларды қарсы аламыз.
Бізде түрлі қаржылық қажеттіліктер бар - әкімшілікті қолдау, аударма жұмысы, зерттеу кітапханасын жинақтау, конференцияларды және басқа іс-шараларын ұйымдастыру деген сияқты.

Ресми ортақ серіктестікте біз сіздердің мекемелеріңізге Қазақстан мен Орталық Азиядағы зерттеулеріңізге көмектесуді асыға күтеміз. Сіздердің сарапшыл білімдеріңіз Қазақстандағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы дамып келе жатқан Несториантану зерттеулерге өте бағалы үлес қосады. Біз сіздердің біріккен жемісті нәтижелеріңіз бен тәжірибеңізге үміт артамыз. Қазақстан Ғылым академиясының атынан біз, мықты жұмыс қарым-қатынастар болады деп күтеміз және біздің командамыз Орталық Азиядағы осы дамып келе жатқан салаға салмақты үлес қосады деп үміттенеміз.

Біздің кафедрамыздың жұмысын дамыту үшін, біз сіздердің пікірлеріңізді, үлестеріңізді, ұсыныздарыңызды білуге дайынбыз. Өз жеке бастарыңыз немесе ұйымдарыңыз қалаған жолмен біздің жұмысқа қатысып, көмек көрсетуді ескеруіңізді өтінеміз.

Егер қызығушылық білдірсеңіз, бізбен келесі адреспен байланысуыңызға болады: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.