Доктор Чарлз Стюарт

Д-р.Чарлз Әнтони Стюарт өнер тарихшысы және археолог. Ол ежелгі және орта ғасырлық архитектураны зерттеумен айналысады, әсіресе шығыс Жерорта теңізі аймағындағы және Батыс Азиядағы.
Ол Солтүстік Африкада, Еуропада және Азияда зерттеулер жүрізген. Жалпы, ол зерттеулерінде тарихтың өтпелі кезеңдерін, сол сияқты, көршілес мәдениеттер арасындағы өнер, технологиялық және экономикалық алмасуды қарастырады. Ол Кипр аралына назар аударған.

Кезеңдерге қатысты оның басылымдары классикалық грек және рим өнерінің дамуын және оның үздіксіздігі мен ерте орта ғасырларға бейімделуін, сондай-ақ Византия мен Сасанидтер парсы империяларының және кейінірек ислам халифаттарының арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Оның барлық зерттеулерінің негізіндегі тезис - өнер мәдениет нанымдарындағы өзгерістерді көрсетеді, оған діни көзқарастар мен дүниетанымдар кіреді.

2005 жылы ол қазбалардан табылған якобит және несторандық қауым ғимараттарының архитектурасын зерттеуге кірісті.

2014 жылдан бастап профессор Стюарт Сент-Томас Университетінде (Хьюстон) өнер тарихы бағдарламасының меңгерушісі және Техас штатының Форт-Уорт қаласында Танды Археология институтының ғылыми-зерттеушісі қызметін атқарды.