Доктор Дмитрий Воякин

Дмитрий Воякин «Археололиялық экспертиза» ЖШС ұйымының директоры. Ол бірқатар ауқымды зерттеулер жобаларын басқарып, қадағалайды және жаңа курстардың дамытуға үлес қосады. Ол серпінді топтың құрамында жұмыс істейді, ол топ коммерциялық практика, академиялық зерттеулер, жергілікті қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар мен профессионалдар арасындағы байланыстарды орнатып, кәсіби археологиялық тәжірибеде зерттеулер мен инновациялар жүргізуге жігерлендіреді. Олардың міндеттеріне халықаралық мұраларды зерттеу жобаларын басқару және тарихи орындар мен ландшафтты түсіндіруге және басқаруға көмектесу кіреді, ондағы негізгі назар үйрету мен әлеуетті (потенциалды) нығайтуға аударылады.

Соңғы 20 жылда ол археологиялық /мұраларды кәсіби зерттеу жобаларымен айналысады. Қазақстаннан бастап оның қазіргі қызығушылығы Жібек жолы маңайларында археологиялық зерттеу жүргізу, археологиялық құжаттарды дамыту, мұраны, сондай-ақ қоғамдық археологияны реттестіру. Ол археология институтының тарапынан жобаларды дамытуға, басқаруға ( Қазақстан білім беру және ғылым министрлігі) және Археологиялық экспертиза ЖШС- не жауапты. 2004ж. бері ол бірнеше халықаралық зерттеу жобаларына жетекшілік етті, соның ішінде RWTH Aachen университеті - Оман сұлтанаты; DAI Берлин - Пәкістан, Балучистан; UNESCO - Қырғыз Республикасы, Красная речка; Корей ұлттық зерттеу қоры.

Д-р Воякин кең ауқымды жобаларда бірлесіп жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие және оның қазіргі кездегі зерттеулері ЮНЕСКО және ICOMOS сияқты халықаралық ұйымдар бастамасымен тығыз байланысты. 2005 жылдан бері ол ЮНЕСКО-ның басшылығымен Әлемдік мұралар шегінде Ұлы Жібек жолдарының номинациясына үнемі қатысады және 2011 жылдан бастап ЮНЕСКО ресми көмекшісі ролін атқарады. Дмитрий мәдени мұраға және оны сақтауға баса назар аудара отырып, Қазақстан Парламентімен заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс істейді, онда ол көптеген әкімшілік мәселелері бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Дмитрий Воякин сондай-ақ Орталық Азиядағы мұра бойынша білім беру бастамаларына жетекшілік етті. Өзінің мекемелерінде ол үнемі әртүрлі дәрежедегі курстарға үлесін қосады. Ғылыми нәтижелерін белсенді баспадан шығарады (180 астам мақала, негізінен орыс тілінде және 7 монография), сондай-ақ ғылыми редактор болып табылады.