Доктор Марк Диккенс

Д-р Марк Диккенс 2012ж бері Альберта университетінде тарих және классика фокультетінде және Дінтану бағдарламасы бойынша сабақ береді. Марк магистр және доктор дәрежелерін Кембридж университетінде алған (2003-2008), содан кейін ол Шығыс және Африка тану мектебінде зерттеу ассистенті және мұғалім болып жұмыс істеді. Д-р Чарльз Стюартс Лондонда (2008-2011), сонымен қатар Клэр Холлда Кембриджде ғылыми зерттеуші болып істеді (2009-2011). 2011ж Канадаға қайта көшкеннен кейін ол Киллам докторантурасынан кейін Алберта университетінде Дін тану бағдарламасынан сабақ берді (2011-2013). 2017-2018 оқу жылында ол Альберта университетінің Сейнт Жозеф коллежінде сабақ берді.

Марктің зелттеулері Көне заманның соңы мен Орта ғасырлардағы Сирияк мәсіхшілігі мен Орталық Азияның арасындағы байланысқа қатысты. Сирия тілі арамей тілінің (Иса сөйлеген тілдің) бір диалекті, ол тілде мәсіхшіліктің арғашқы күндерінен бастап қазіргі кезге дейін Таяу Шығыс мәсіхшілері сөйлеп келеді. Ол Шығыс қауымы мен Сирия ортодокс қауымының литургиялық тілі, ол екі қауым да моңғол заманына дейінгі кезде Орталық Азиямен байланысы болған.

Марк Д-р Эрика С.Д. Хантермен бірлесіп, сирия қолжазбаларының каталогын жасады, ол Берлиндегі Түрфан жинағына кіреді. Марк Орталық Азиядағы Шығыс қауымының тарихы туралы лекция оқып, мақалалар жазды, Сирия әдебиетіндегі түріктердің және басқа Еуазия далаларындағы көшпенді халықтардың сипаты туралы айтты. Сол сияқты, Орталық Азияда табылған мәсіхшілік мәтіндер мен жазулар, соның ішінде қолжазбалардың үзінділері Түрфаннан, Қытай Түркістан қобір тастары, Қырғызстанда табылған және Өзбекстандағы жартаста сирия тілінде жазылған жазбалар.