Шақыру хат

13 Ақпан 2019, 1:15 am | Автор:  
Оқылды 3422 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 01:55

Құрметті əріптестер,

Мен сіздерге Несториантану кафедрасын таныстырып, Алматыда 20 - 27 мауысым, 2019ж. болатын 6 - шы Халықаралық конференцияға шақырғым келеді. Конференция Қытай мен Орталық Азиядағы сирия мəсіхшілігіне арналған.

Бұл кафедра 2017 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының археологиялық институты тарапынан жуырда табылған сирия мəсіхшілігінің (орыс академиясында Несториан мəсіхшілігі деп аталады) маңызды іздерін зерттеу үшін құрылған.

Бұл жаңа кафедра, қазіргі кездегі Қазақстан мен басқа Орталық Азия халықтарында Сирия мəсіхшілігінің атқарған ролін зерттеуге көмектесу үшін құрылған болатын. Бұл мақсат-аян Болашаққа бағдар: «Рухани жаңару» жаңа бағдарламасында да көрініс табады.

Экономикалық даму мəселесі бойынша, əсіресе «Бір белбеу, бір жол» жобасына қатысты, Қазақстан Жібек жолының сауда-саттық саласында діндердің маңызды рөл атқарғанын түсінеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқаша атап өткендей: «Біз қазіргі кезді түсіну жəне болашақты болжауымыз үшін өткенге қарауымыз керек».

Барлық ақпараттар мен толтыратын формаларды іс-шаралар бетінен таба аласыз.

Осы конференцияға келуге мүмкіндік таба аласыздар деген үміттеміз жəне сол іс-шараны өткізуді қуана күтеміз. Осы жерде өткізген уақыттарыңыз қызық болуы үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасаймыз.
Хаттың тіркемесінде айтылғандай, бұл конференция ерекше болады, себебі ол жерде артефактілер мен соңғы табылған заттар көрсетіледі, сондай-ақ елеулі несториан айғақтары табылған Ілебалық деген жерге экскурсия болады. Біз сондай-ақ əріқарай зерттеулер жүргізу үшін ұзағырақ қалам деушілерге жол ашық.

Егер сұрақтарыңыз болса кідірмей менімен байланысыңыз. Біз шын жүректен сіздермен ынтымақтас болуға дайынбыз, өйткені біз осы жерде сіздерге жəне зерттеулеріңізге комектесу үшін жүрміз.

Құрметпен,

Кевин Уайт, PhD (c)

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Осы категориядағы басқа материалдар: Доктор Карл Байпақовтың дүние салуы »

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.