Конференция ашылуына шақыру

3 Шілде 2019, 6:36 am | Автор:  
Оқылды 1157 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 03 Шілде 2019 06:40

Қытай мен Орталық Азиядағы Сирия мәсіхшіліне арналған 6-шы Зальцбург халықаралық конференциясы маусым айында 2019ж, Қазақстанда, Алматы қаласында өтеді деп қуанышпен жариялаймыз. Конференцияны Зальцбург университетінің мәсіхшілік шығысты зерттейтін орталық (ZECO), Қазақстан ғылым академиясының археологиялық институты, Несториан тану кафедрасымен бірге ұйымдастырады. Конференцияға әлемнің алдыңғы қатарлы академиялық институттарынан әйгілі оқымыстылар қатысады, соның ішінде Оксфорд университетінен, Кембридж университетінен, Зальцбург университетінен, Гарвард университетінен және басқа да көптеген мекемелерден.

Мен сіздерді 21 маусымда, жұма күні, Алматыда, Бөгенбай батыр көшесі 115, Grand Hotel “Tien Shan” қонақ үйінде болатын ресми ашылу бағдарламасына шақырамын. Ашылу бағдарламасы 14:00 – 15:30 дейін өтеді, халыққа кіру ашық және тегін. Онда әртүрлі кіріспе сөздер болады және негізгі баяндама жасаушы д-р Ли Таң, ол Кембридж университетінде доктарантурада қызмет етеді.

Қазақстан 2050 ж. жоспар бойынша әлемдегі отыз экономикасы дамыған елдердің қатарына кірмек болғандықтан және Қазақстан болашағын дамыту барысында болғандықтан, ол өткен тарихын зерттеу өте маңызды. 2015ж. Нұр Отан партиясына жолдаған сөзінде президент Нұрсұлтан Назарбаева Қазақстанның саясатын растады, яғни дін халықтың істерінде маңызды роль атқаратынын айтты: «Біз рухани даму, экономикалық және материалдық мүдделерден маңыздылығы кем емес даму кезеңіне кірудеміз». Бұл көзқарас Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» жаңа ағдарламасында да көрініс табады. Экономикалық даму мәселесі бойынша, әсіресе «Бір белбеу, бір жол» жобасына қатысты, Қазақстан Жібек жолының сауда саласында діндердің маңызды рөл атқарғанын түсінеді.

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Осы категориядағы басқа материалдар: « 6-шы Зальцбург Халықаралық конференциясы

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.