6-шы Зальцбург Халықаралық конференциясы

13 Ақпан 2019, 1:15 am | Автор:  
Оқылды 797 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 02:12

Несториантану кафедрасы Қытай мен Орталық Азиядағы сирия мəсіхшілігі бойынша 6-шы Зальцбург Халықаралық конференциясын Алматыда, Қазақстанда, 2019ж. 20-27 маусым аралығында өткізуге бізге үлкен құрмет көрсетілді деп қуанышпен жариялаймыз.

Мұның барлығы 2015 жылы Шығыс Қазақстанда бір диқан, ойылған айқыш жəне оны қоршаған бір жазулары бар тасты таптқан кезден басталды. Сандық (цифрлік) сараптама, жазулар сириялық жəне тас несториандық мəсіхші діни қызметкердің қабірі екенін көрсетті. Кейінгі оқиғалар нəтижесінде көптеген мəсіхшілік қабір тастары табылды.

2017 жылы Қазақстан ғылым академиясының археологиялық институты Несториантану кафедрасын құрды. Орыс академиясында Сирия мəсіхшілігі Шығыс қауымы деп танылған, кейбір орталарда Несториан мəсіхшілігі деп аталады, кафедраның аты да осыдан шыққан.

Бұл жаңа кафедра тарихтың Несториан аспектісін зерттеу үшін ашылған жəне ол Несториан мəсіхшілігінің қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия территориясында қандай роль атқарғанын зерттеудегі жақсы қадам. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқаша айтып кеткендей: «Біз қазіргі кезді түсіну жəне болашақты болжауымыз үшін өткенге қарауымыз керек».

Бұл мақсат-аян Болашаққа бағдар: «Рухани жаңару» жаңа бағдарламасында да көрініс табады. Экономикалық даму мəселесі бойынша, əсіресе «Бір белбеу, бір жол» жобасына қатысты, Қазақстан Жібек жолының сауда саласында діндердің маңызды рөл атқарғанын түсінеді.

2018ж. ақпан айында д-р Марк Диккенс Қазақстан ғылым академиясында жаңалық болған тамаша презентация жасады. Оның презентациясын мына жерден көре аласыз. Сондай-ақ бізде бірнеше серіктестік қатынастар дамып келеді жəне сіздердің қалауыңызша қатысуыңызды қолдаймыз. Біздің басты мақсатымыз - бірлесіп жұмыс істеуге жылы атмосфера туғызу жəне қазбалар, зерттеулер жүргізуге, Орталық Азиядағы сирия/ несториан мəсіхшілігі туралы сұхбаттасуға мүмкіндік жасау.

Осы конференцияға келуге мүмкіндік таба аласыздар деген үміттеміз жəне сол іс-шараны өткізуді қуана күтеміз. Осы жерде өткізген уақыттарыңыз қызық болуы үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасаймыз. Бұл конференция ерекше болады, себебі ол жерде артефактілер мен соңғы табылған заттар көрсетіледі, сондай-ақ елеулі несториан айғақтары табылған Ілебалық деген жерге экскурсия болады. Біз сондай-ақ əріқарай зерттеулер жүргізу үшін ұзағырақ қалам деушілерге жол ашық.

Басқа мəліметтер білу үшін жəне тіркелу жөнінде білгіңіз келсе іс-шаралар бетінен табасыз.

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.